6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендерАқтөбе облысы Полиция департаментінде жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтың төрағалығымен өткен жиынға прокуратура мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Облыстық ПД бастығы Абай Жүсіповтың айтуынша, 2025 жылдың басынан бері өңірде 440 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 655 адам зардап шекті, 15 адам қаза тапты. Апаттың көпшілігі республикалық және халықаралық маңызы бар автожолдарда болған.
Жол қозғалысы ережелерін бұзудың алдын алу аясында 29 стационарлық және 21 мобильді құқық бұзушылықты тіркеу жүйесі қолданылады, олардың көмегімен 2 мыңға жуық бұзушылық анықталды. 20 мың шақырымға жуық автожолға тексеру жүргізілді, оның қорытындысы бойынша бұзушылықтарды жоюға 893 ұйғарым шығарылды, 97 лауазымды және заңды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Полиция орташа жылдамдықты өлшеу жүйелерін енгізуді, малдың трассаларға шығуын болдырмау үшін қоршаулар орнатуды, жүргізушілердің ұйықтап кетуіне жол бермеу үшін шу жолақтарын ұйымдастыруды ұсынды.
Ведомство мәліметінше, бұл шаралар апаттылықты азайтуға және облыстың қала сыртындағы жолдарындағы қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған.
6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар2 Қараша, 17:51
Математика, физика және химия есептерін шығаруға көмектесетін алты нейрожелі