Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек30 наурызға қараған түні Алматыдан Ақтөбе облысына көмекке келген Республикалық жедел құтқару жасағы өз миссиясын аяқтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Енді 20 құтқарушы БҚО-да су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысады.
Жасақ Ойыл ауданының Қаратал ауылынан тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге атсалысты. Олардың көмегімен 120-дан астам құтқарылған.
Облыс әкімі Асхат Шахаров қиын сәтте жерлестеріміздің жанынан табылған, оларды құтқаруға бар күшін салған қауіпті мамандық иелеріне алғысын айтты.
Еліміздегі су тасқынының өтуі - Президенттің қатаң бақылауында. Осындай қауіпті кезде сіздер мамандықтарыңызға адал екендіктеріңізді дәлелдедіңіздер. Жауапкершілік міндетін мойындарыңызға алып, қауіп-қатерге қарамастан, өз өмірлеріңізді сарп ете отырып, өңірімізге көмекке келдіңіздер. Көрсеткен үлкен ерліктеріңізге зор алғыс. Аман жүріңіздер, - деп атап өтті Асхат Шахаров.
Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?