Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдарыАқтау маңындағы ұшақ апатын тергеудің алдын ала қорытындысы алдағы аптада жарияланады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев баспасөз мәслихатында айтты. Ол қара жәшіктердегі жазбаның көшірмелері Ресей мен Әзербайжанда екенін алға тартты.
Қара жәшік бойынша нақтылап өтсем деймін. Ешқандай залал келмеген, ештеңе жоғалған жоқ. Жазбалар оқылды. Барлық мәліметтің көшірмелері Ресей мен Әзербайжанға берілді. Біз жасыратын ештеңе жоқ, - деді вице-премьер Бозымбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Әзербайжанның Azerbaijan Airlines (AZAL) компаниясына тиесілі Embraer жолаушы ұшағы 2024 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстанның батысындағы Ақтау қаласынан 30 шақырым жерге құлады.
Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 29-ы тірі қалды.
Бүгiн, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді5 Қараша, 12:12
Олимпиадада үздік шығып, кейін медицинада табысқа жеткен чемпиондар