20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекБұл туралы Бразилияның G1 порталы жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Порталдың мәліметінше, Бразилия Әскери-әуе күштерінің авиациялық оқиғаларды тергеу және қамтамасыз ету орталығы Ақтау маңында апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі ұшақтың "қара жәшіктерін" ашып, жазбаларды оқуды аяқтаған.
"Екі "қара жәшіктен" деректерді алу, жинау және тексеру аяқталды", – деп жазады басылым.
Материалдарды Бразилияның үш тергеушісі, сондай-ақ Әзірбайжан мен Ресейден келген агенттер талдағаны нақтыланады.
O Globo газеті атап өткендей, ведомство Қазақстан билігіне тиісті ақпараттарды жөнелтіп үлгерген. Ол авиациялық оқиға туралы қорытынды есепте жарияланады.
Айта кетсек, 2025 жылдың 4 қаңтарында Бразилияда мамандар Ақтау маңында апатқа ұшыраған ұшақтың борт жазбаларын зерттеуге кірісті. "Қара жәшіктерді" Қазақстан Бразилияға 2024 жылғы 30 желтоқсанда жөнелтті.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?