Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМаңғыстау облысының жылу беру маусымына дайындығы туралы Үкімет отырысында өңір әкімі Нұрдәулет Қилыбай баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол қазіргі уақытта барлық тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар бойынша жылу беру маусымына дайындық 100% аяқталғанын хабарлады. Сондай-ақ барлық қазандықтар, сумен және электрмен жабдықтау желілері дайындалды.
Ақтау қаласы бойынша тозу көрсеткіші жоғары 11,5 км жылу желілерін реконструкциялау бойынша жұмыс аяқталып қалды. Құрылыс-монтаждау жұмыстары 5 участкеге бөлінді. Оның 4 участкесі бойынша жұмыс аяқталып, сумен толтыру жұмыстары жүргізілуде, – деді Нұрдәулет Қилыбай.
Әкімдіктің мәліметінше, аталған мақсаттағы жұмыстарға 2024 жылы 17 млрд теңге бөлінген. Үкімет жобаны іске асыруға резервтен қосымша 5 млрд теңге бөлді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді