23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтауда «Жастарға жұмыс: бос жұмыс орындары жәрмеңкесі» өтті. Шара аясында 50-ге жуық шағын, орта және ірі кәсіпорын иелері тұрғындарға бос жұмыс орындарын ұсынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өңірдегі қоғамдық коммуникация орталығының мәліметінде, АMANAT партиясы «Жастар Рухы» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Абзал Марат бұл шара 14 пен 35 жас аралығындағы жұмыссыз азаматтарға қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылғанын атаған.
Еңбек нарығы мемлекетіміздің әлеуметтік әлеуетіне тікелей әсер ететін салалардың бірі. Аталған шара бүкіл еліміз бойынша өткізілуде. Тұрғындарды толық ақпаратпен қамту мақсатында әлеуметтік желілерде таргет жүйесін қолдандық. Іс-шара нәтижесінде кей салалардағы кадр тапшылығы шешіледі деген ойдамын,- деді ол.
Маңғыстау облысының 109 - бірыңғай байланыс орталығының жетекшісі Нұргүл Жеткізгенова мекемеге оператор мамандардың керектігін айтып отыр.
Бүгін 14:00-ден бастап өңір тұрғындары жиналды. Біз қойған талаптарға сәйкес, азаматтар өз түйіндемелерін тапсырып кетіп жатыр. Біздің орталыққа жұмысқа тұрғысы келетін жандардың екі тілді білуі шарт. Сондай-ақ облыс халқы маңызды ақпараттарды mangystau109 Instagram парақшасынан көре алады, - деді Нұргүл Жеткізгенова.
Сонымен қатар, жұмыс берушілер жұмысшы мамандық иелерінің тапшы екенін айтады. Сондай-ақ, IT мамандар мен дәрігерлер, мәдениет саласының мамандары аса қажет.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады