10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтауда 17 жастағы бала тұрғын үй шатырынан құлап, көпқабатты екі үйдің ортасындағы қуысқа түсіп кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға 8 қыркүйек сағат 22.45-те 16 шағын аудан 59-үйінде болған.
2006 жылы туған жасөспірім қауіпсіз жерге шығарылып, жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды, - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Жасөспірім қазір облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, жасөспірім достарымен бірге құрылысы аяқталмаған үйдің шатырында ойнап жүрген. Сол уақытта екі көпқабатты үйдің ортасына бекітілген пенопласт плита сынып, бала қуысқа түсіп кеткен.
«Адал» тұрғын үй кешенінің құрылысын салушы – «Интерьер Строй Актау» серіктестігі. Үйдің құрылысы 2020 жылы басталған, 7 қабат, 4 кіреберістен тұрады. Әлі пайдалануға берілмеген. Полиция бұл оқиғаға қатысты іс қозғады, - делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің мәліметінде.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді