Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтаудағы 4 шағынаудандағы жартасты соқпақтың тас құлаған аумағы уақытша жабылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық бөлімі мәлімдеді. Жартастың тас құлаған аумағына турникет қойылған. Сондай-ақ тұрғындар қауіпсіздігі үшін жартастың төбесін тормен қоршап қою туралы шешім қабылдаған.
Қазір әкімдікте жартас төбесінің қалай қоршалатыны туралы талқыланып жатыр. Нақты шешім шыққаннан кейін іске кірісеміз, - деді қалалық ТҮКШ бөлімі басшысының орынбасары Бақтияр Мақсат.
Айта кетейік, кеше кешкі уақытта жартасты соқпақтағы бұлақ маңында тас аспалы жолға құлаған.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді