Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтау қаласының ең ірі сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде Маңғыстау облысындағы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастамасымен әскери қызметке қабылдау бойынша бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Іс-шараның мақсаты – қала тұрғындарын әскери бөлімдердегі бос лауазымдар жөнінде хабардар ету, оған қоса Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріндегі мерзімді және келісімшарттық әскери қызметті насихаттау болды.
Жәрмеңкеге келген ақтаулықтар гарнизон бөлімдеріндегі бос орындармен танысып, кадр қызметінің өкілдеріне өз сұрақтарын қойып, әскери қызметке өту тәртібі жайлы кеңес алды.
Іс-шара барысында қатысушылар келісімшарт негізіндегі әскери қызметтің талаптары мен артықшылықтары жайында толық ақпарат алып, мерзімді қызметтің ерекшеліктерімен танысты. Бұдан өзге жергілікті әскери басқару органдары мен кадр бөлімдерінің өкілдеріне сұрақтарын қойды, – деді Маңғыстау облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы полковник Руслан Балтеміров.
Жәрмеңке қорытындысы бойынша шамамен жүз адам әскери қызмет туралы толық мәлімет алды. Оның ішінде 20 адам келісімшарт бойынша, ал тағы 15 азамат мерзімді әскери қызмет өткеруге ниет білдірді.
Одан бөлек, әскердегі қызметтің шарттары мен артықшылықтары көрсетілген үш жүзге жуық ақпараттық парақша таратылды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жәрмеңкелер желтоқсан айына дейін әр апта сайын өткізіліп тұрады. Келесі кездесулер қаладағы түрлі сауда орталықтарында және Амфитеатр алаңында өтеді.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?