23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқтауда жағалаудағы қоршауды сындырған балалардың ата-аналары кешірім сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
20 қыркүйекте Ақтау қаласы жедел басқару орталығы бейнебақылау камерасының көмегімен үш баланың теңіз жағасында тұрған декоративті қоршауды бұзып жатқанын көрген.
Полиция балалардың ата-анасына хаттама толтырып, оларды жауапқа тартты.
Ата-аналар балаларының теріс қылығы үшін кешірім сұрады,
«Ақтау қаласы полиция басқармасының қызметкерлері жеткіншектердің кім екенін анықтаған. Олар қоршауды сындырған балалардың ата-анасын жауапқа тартып, заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Тәртіп сақшылары ата-аналармен және балалармен профилактикалық әңгіме жүргізді. Белгілі болғандай, 11, 7, 6 жасар балалар ойнап жүріп жағалаудағы қоршауларды сындырған. Балалардың ата-анасы қоршауды қалпына келтіретінін айтты» деп мәлім етті Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметінен.
Ақтау қаласының әкімдігі шаһар тұрғындары мен қонақтарынан қала мүлкіне зиян келтірмеуді сұрайды.
23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады