Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады29–30 қыркүйек күндері Ақтауда TURKWOMEN халықаралық форумы ұйымдастырылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Форумның негізгі мақсаты – түркі әлеміндегі зерттеушілер, кәсіпкерлер, мәдениет және медиа өкілдері – әйел көшбасшыларын жинап, әйел рөлін қолдау мәселесін декларациядан нақты іске көшіруге бағытталған.
Бағдарлама аясында институционалдық өзгерістер, қала мен ауылдағы кәсіпкерлік модельдер, мәдени мұраны сақтау және заманауи медиа құралдарының ықпалы талқыланды.
Форумға Түркиядан Burcu Miraç Dıraor Aydın, қазақстандық спикерлер Зира Наурызбай (қазақ тарихындағы әйелдің бейнесі), Мақпал Жұмабай (шығармашылық көшбасшылық пен институттар), Әсия Бақдаулетқызы (әйел рөліне қатысты дискурстың трансформациясы) және Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстаннан келген халықаралық сарапшылар қатысты.
Шара барысында Ақтау Іскер әйелдер кеңесінің қатысуымен пікірталастар өтіп, мәдени бағдарлама ұсынылды. Сонымен қатар нетворкинг аймақтары құрылып, БАҚ-пен жұмыс ұйымдастырылды.
Форум өңір үшін әйелдер кәсіпкерлігі, креативті экономика, туризм және мәдени индустриялар бағытындағы жаңа мүмкіндіктерді айқындады. Сондай-ақ университеттер, бизнес-қауымдастықтар мен үкіметтік емес ұйымдар арасында әріптестік орнатып, Ақтаудың түркі әлеміндегі халықаралық байланыстарын нығайтуға ықпал етті. Жалпы форумға 700-ге жуық адам қатысты.
Кеше, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыКеше, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?18 Қазан, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары