19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Ақтауда 17 шағын аудандағы «Florence» тұрғын үй кешенінен өрт шығып, 150-дей адам эвакуацияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Өрт 10 қыркүйек сағат 1:59-да тұтанған. Тұрғын үйдің 9-қабатындағы пәтердің қонақ бөлмесінде үй заттары мен теледидар жанған.
Өрт 45 шаршы метрді шарпыған. Зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. 13 адам құтқарылды, оның үшеуі бала. Ал баспалдақпен 120 адам эвакуацияланды, оның ішінде 25-і бала, - деп мәлім етті Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Жалын 1 сағаттан соң сөндірілген. Өртке тарату қалқанындағы электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары