Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікМаңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты есірткі және психотроптық заттарды жасырып кетушілерді 10 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
34 жастағы ер адам Ақтаудағы суши-маркет желісінің басшысы болып жұмыс істеген. Екінші 32 жастағы күдікті оған заңсыз істе көмектескен. Олар психотроптық заттардың партияларын жасырып, есірткіні буып-түю бойынша тапсырмалар мен координаттарды Telegram қосымшасы арқылы алып отырған.
Күдіктілердің тұрғылықты жері бойынша және компания кеңсесінде жүргізілген тінту кезінде 692 грамм “мефедрон” синтетикалық препараты табылып, тәркіленді.
Қаскөйлердің әрекеті ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі 1 және 3-тармақтары бойынша “Адамдар тобының алдын ала сөз байласу арқылы есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында аса ірі мөлшерде сатып алуы, сақтауы, тасымалдауы” сараланды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер