Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекАқтауда суға батып бара жатқан баланы құтқарған алматылық жасөспірім Амир Аббасов марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Мұрат Мұханов 16 жастағы Амир Аббасовқа Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Суға батқанды құтқарғаны үшін» медалімен мараппаттап, арнайы сыйлық табыстады.
Естеріңізге сала кетсек, Амир Аббасов 16 маусым күні теңізге батып бара жатырған баланы құтқарған еді. Теңіз жағасында серуендеп жүрген 16 жасар азамат суға батып жатырған баланы көріп, ойланбастан суға секірген. Өз басын қатерге тіккен Амир Аббасов бұл ерлігін азаматтық борышы санайды.
Алматылық жасөспірімнің өзі де, ата-анасы да Ақтаудың тумасы. Жаз айында Амир Аббасов ата-әжесіне қыдырып келіп тұрады.
Мен ұлымның бұл ерлігін мақтан тұтамын. Дегенмен сол сәтте ұлымның өмірі үшін алаңдағаным рас. Баламның ерлігін ескеріп, марапаттаған азаматтарға алғысым шексіз. Балаларымыз аман болсын! - деді Амир Аббасовтың анасы Сәуле Бекмұхамметова.
Бүгiн, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керекБүгiн, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?Кеше, 12:44
«Маугли қыз»: 17 жастағы қырғыз қызының ерекше қабілеті көпшілікті таңғалдырдыКеше, 09:01
Швейцарияға барсаңыз, осы қателіктерді жасамаңыз: тәжірибелі гидтен 15 кеңес