Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтауда 17-18 қараша күні қала әкімдігінің қолдауымен «Aktau chess week 2024» республикалық шахмат фестивалі өтеді. Сайысқа қатысам деушілерге тіркелу тегін. Ал көрермендер шараны «Халық арена» спорт кешенінде тамашалай алады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Фестиваль бағдарламасы төрт шараны қамтиды: отбасылық турнир, балалар блиц турнирі, балалар рапид турнирі және бір мезгілдегі ойын сеансы. Қатысушыларды тіркеу үшін +7 707 472 7472 нөміріне WhatsApp арқылы хабарлама жіберу қажет.
Фестиваль турнирлері FIDE халықаралық рейтингіні есепке ала отырып және FIDE ережелері бойынша өтеді. Әр турнирдің өзіндік ерекшелігі бар. Мысалы, командалық отбасылық турнирге 64 шахмат отбасы қатысады, бұл қатысушы командалардың саны бойынша әлемнің жаңа рекорды болып тіркелетін болады. Балалар блиц және рапид турнирлерінде бір уақытта 200 адам тақтаға отырып ойнайды, бұл Маңғыстау облысы үшін жаңа рекорд. Бір мезгілдегі ойын сеансы кезінде 4 шахмат шебері 160 шахматшыға қарсы ойнайды. Бұл Қазақстан тарихындағы бір мезгілдегі ойын сеанстарының қатысушылар саны бойынша жаңа рекорды болып саналады. Барлық тұрғындарды республикалық «Aktau Chess Week 2024» шахмат фестиваліне қатысуға шақырамыз, - деді «Дебют» шахмат мектебінің жетекшісі Әнуәр Шайхымов.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді