Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіАқтауда Қазақстан мен Әзербайжан Әскери-теңіз күштерінің «Каспий самалы-2025» бірлескен оқу-жаттығуларының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, оған екі мемлекеттің қолбасшылығы мен әскери қызметшілері қатысты. Дәстүр бойынша іс-шара әскери оркестрдің мемлекеттік әнұрандарды орындауы мен екі елдің туларын көтеруден басталды.
Әскери контингенттерді Қазақстан Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы 1-дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков және Әзербайжан Әскери-теңіз күштері қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы 1-дәрежелі капитан Теймур Муршудов құттықтады.
Бірлескен оқу-жаттығулар теңіз экономикалық қызметі нысандарының, Әскери-теңіз күштері мен кеме қатынасы пунктерінің қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
1 дәрежелі капитан Қанат Ниязбеков атап өткендей, оқу-жаттығулар екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға және кәсіби тәжірибе алмасуға ықпал ететін болады.
Іс-шара шағын футбол, армрестлинг, арқан тарту және жүзу жарыстарымен аяқталды.
Кеше, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін бердіКеше, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?Кеше, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?Кеше, 09:45
Алтынға апарар жол: Азиададағы боксшылардың нәтижесіне көңіл тола ма?