29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыІздеуде болған Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеуші Б. Е. Ізбергенов табылды. Ақтау қаласының аумағындағы жеке кәсіпорындардың бірінде жұмыс істеп жүрген ол колонияға белгіленген уақытта келмей қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
ҚАЖД қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында сотталғанды тауып, колонияға қайтарған.
Сотталған Б. Е. Ізбергенов 1982 жылы туған. Оны 2018 жылы қыркүйек айында Мұнайлы аудандық соты ҚР ҚК 124, яғни «Жас балаларды азғындық жолға түсіру» бабы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарған. 2023 жылдың маусым айына дейін Атырау облысы бойынша ҚАЖД жалпы режимдегі колониясында жазасын өтеген. Содан кейін Атырау қаласы сотының қаулысымен Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі барынша төмен мекемесіне ауыстырылған.
Айта кетейік Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде жазасын өтеушілер егер қажет болса әкімшіліктің рұқсатымен мекемеге іргелес аумақтың шегінде қадағалаусыз жүруге құқылы.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек