20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтауда «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында мәдени іс-шаралар легі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның бірі - «Дархан дала» этноқалашығы. Қалашықта киелі Маңғыстау өлкесінің тұрмыс-тіршілігі, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері және түркі халықтарының ортақ мәдениеті кеңінен насихатталмақ. 4-6 сәуір аралығында этноқалашықтың сахнасында Маңғыстау облысы мен түркітілдес мемлекеттерден келген өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұсынылады. Қонақтар ұлттық өнер мен дәстүрге қанығып, қазақ мәдениетінің сан ғасырлық мұрасын тамашалай алады.
Этноқалашықта Маңғыстау облысының бес ауданы мен Ақтау, Жаңаөзен қаласынан жеті ауыл бой көтерді. Атап айтқанда, Маңғыстау ауданынан «Суын айғыр» ауылы, Қарақия ауданынан «Шерқала» ауылы, Бейнеу ауданынан «Батырлар» ауылы, Мұнайлы ауданынан «Жеті қайқы» ауылы, Түпқараған ауданынан «Ғашықтар» ауылы, Ақтау қаласынан «Шеберлер» ауылы, Жаңаөзен қаласынан «Дәстүр» ауылы бар.
Әр ауыл өңірдің өзіндік ерекшелігін, тарихы мен мәдени мұрасын айшықтайды. Онда қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетіліп, түрлі шеберлік сабақтары ұйымдастырылады. Сонымен қатар, «Шеберлер» ауылында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдерден келген өнерпаздар мен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтеді.
Мерекелік шараның басты оқиғасы бүгін өтетін «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ресми ашылу салтанаты болмақ.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?