19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?Ақтауда екі сәби дезинфекциядан уланып, көз жұмды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.
Қайтыс болған сәбидің туысының айтуынша, төменгі қабаттағы көршісі жәндіктерден құтылу үшін пәтеріне дезинфекция жұмыстарын жүргізген. Алайда, ол бұл туралы ешкімге ескертпеген.
Сол түні кішкентай балалар ауырып, құса бастады. Жедел жәрдем шақырғанмен, өкінішке орай балаларды құтқара алмады. Қалған 5 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуінің жағдайы өте ауыр», - деді туысы.
Ол сондай-ақ көршісін полиция қызметкерлері жауап алу үшін алып кеткенін айтты.
Біз үйді жуып, тазаладық, бірақ бәрібір жағымсыз иіс әлі де бар. Осындай қайғылы оқиға бұрын Маңғыстау ауылындағы 2 шағын ауданда болған. Неліктен көршілерге алдын ала ескертпеген? Өйткені, мұның қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін бәрі біледі», - деді балалардың анасының сіңлісі.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт ҚР ҚК 304-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелген. Сараптама тағайындалды.
19 Қараша, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары