Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтаудағы бұрынғы президент резиденциясының аумағына қатысты түрлі болжамдар айтылған болатын. Көпшілік ол жерге балаларға арналған сауықтыру лагері немесе санаторий болады десе, енді біреулер стадион не туристік нысанға айналады деп тұспалдаған еді. Ал қала әкімі бұл аумаққа нақты қандай жоспар жасалып жатқанын айтып, түсіндірді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы otpannews.kz-ке сілтеме жасап.
Қала әкімінің айтуынша, жалпы аумағы 226 гектарды құрайтын резиденция жеріне қатысты түзетілген Ақтаудың бас жоспары жақында бекітілген.
Қазіргі таңда осы аумақтың детальды жоспарлау жобасы әзірленіп жатыр.
Барлық мемлекеттік органдармен және министрліктермен бірлесіп әзірленген бұл бас жоспар Үкімет қаулысымен бекітілді. Жыл соңына дейін детальды жоспарлау жасалады. Бас жоспар Ақтау қаласының 2035 жылға дейінгі дамуын қамтиды. Бұрын резиденция орналасқан аумақта тұрғын үйлер, әкімшілік ғимараттар, спорттық және мәдени нысандар салынады. Бұл жоба жүзеге асқанда, қаламыздың көркіне айналады. Ақтаудағы ең қолайлы әрі заманауи қалалық орта қалыптасады, - деді қала әкімі Әбілқайыр Байпақов.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді