18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?Ақтауда 2014 жылы туған бала жылу құбырынан атқылаған ыстық суға күйіп қалды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр,деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақтау қаласында 4 наурыз күні сағат 19:30 шамасында 15-шағын аудандағы 13-үйдің жанында оқыс жағдай орын алды. Оқиғаға көктайғақ пен ескірген жылу құбырының жарылуы себеп болған.
Күйік шалған баланың анасы бұл жағдай туралы айтып берді.
Балам тайып кетіп, құбырдан атқылаған ыстық суға түсіп, белден төмен күйіп қалды. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр. Кешке ауруханадан үйге келсем, суды өшіріп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Мұндай оқиға қайталанбауы керек. Бұл жауапсыздық!, – деді ол.
"Каспий жылу, су арнасы" мекемесі құбырдың жарылғанын оқиға орын алған соң ғана білгенін айтты.
Судың күні бойы атқылап жатқаны рас деуге келмейді. Дабыл түскен сәтте біздің мамандар апат орнына барып, түні бойы салдарын жоюмен айналысты. Жылу желісі ажыратылып, қоршау қойылды. Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары жүргізілуде, – деді мекеме өкілі.
Маңғыстау облыстық көпсалалы балалар ауруханасының мәліметінше, баланың денесінің 30 пайызы күйіп кеткен.
Екі жамбасын, табанын және жіліншігін күйік шалды. Қазір жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр. Жағдайы ауыр, бірақ есін біледі. Жүрек соғысы мен тыныс алуы тұрақты. Травматологтар хирургиялық ем-дом жасады. Әзірге жансақтау бөлімінде қалады, – деп мәлімдеді дәрігерлер.
Бұл оқиғаға байланысты тиісті мекемелер қандай шара қолданатыны әзірге белгісіз.
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр