Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқтауда ауызашарға барған 50 медицина қызметкерінің 16-сы астан уланып, ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі дерегіне сүйенсек, 10 адам ауруханаға жатқызылған. Қалған алты адамға амбулаторлық көмек көрсетілді.
“10 сәуір күні Ақтау қаласындағы мейрамхананың бірінде ауызашар болған. Ауызашарға қала, аудандық емдеу мекемелерінің дәрігерлері, жалпы 50 адам шақырылған. Бірақ Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасы жұқпалы аурулар бөліміне 16 адам улану белгілерімен шағымданды. Науқастарда жоғары қызу, құсу, іш өту, жедел ішек инфекциясына тән интоксикация синдромы болған. Барлық қажетті шаралар қолданылып, ем жүргізіліп жатыр”, – делінген ақпаратта.
Сондай-ақ дәрігерлер медицина қызметкерлерінің денсаулығына еш қауіп жоқ. Науқастардың жағдай тұрақты, динамикасы оң. Барлық анализдерді тапсырып, ем қабылдап жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді