Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАқтауда ана кішкентай балаларымен бірге түнде көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберісіндегі бетон еденде ұйықтады. Бұл туралы inAktau.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға 16 шілдеден 17-сіне қараған түні болды. Видеоны куәгерлердің бірі түсіріп алған. Оның айтуынша, әйел мас болған.
Оқи отырыңыз:
Осы жайтқа байланысты куәгерлер полиция шақыртқан, ал балалар тоңып қалмас үшін өз үйлеріне әкетпек болған. Дегенмен бүлдіршіндер анасының жанында қалуды жөн көргендіктен, оларға көрпе әкеліп беріпті.
Шақыртуға келген полиция қызметкерлері кәмелетке толмаған балалары бар әйелді анықтады. Оның жеке басын анықтау барысында оның тұрғылықты мекенжайы жоқтығы белгілі болды. Балалар облыстық балалар ауруханасына жатқызылды. Әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы («алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйде пайда болу») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, - деп хабарлады ведомстводан.
Кеше, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек