Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАқтау қаласында құны 300 миллион АҚШ долларын құрайтын жаңа теңіз портын салу жоспарланып отыр. Бұл туралы Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай кезекті бір сұхбатында айтты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Әкімнің айтуынша, жобаның стратегиялық серіктесі Қытайдың “Чжонъюн Интернешнл” компаниялар тобы. Қазіргі уақытта инвестор өңірде өз компаниясын тіркеп, инвестициялық келісімге қол қою үшін қажетті құжаттарды даярлауда.
Жаңа порттың құрылысы халықаралық “Қытай - Қазақстан - Ақтау - Баку - Поти - Еуропа” көлік дәлізін дамытуға серпін береді. Оның жүзеге асуы жүк жеткізу мерзімін 7-15 күнге қысқартуға, ал тасымал шығындарын 18-25% төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа порт өңірде қосымша жұмыс орындарын ашып, экономикалық белсенділікті арттырмақ.
Облыс басшысы жобаның аймақтық және халықаралық логистиканың дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?