10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМаңғыстау өңірлік жастар ресурстық орталығы мен облыстық полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары есірткі саудасын жарнамалайтын граффити-жазуларды өшірді, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі облыстық жастар ресурстық орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
МО Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Д. Қолғанатовтың айтуынша, 1, 1 в және 6-шағынаудандарда 100-ге жуық граффити жазуын өшірген. Ол есірткі саудасына тосқауыл қою мақсатында жарнама жазбаларын жою жұмыстары жалғасатынын жеткізді.
Ал жыл басынан бері Ақтау қаласы аумағында граффити-жазуын өшіру бойынша төрт профилактикалық жұмыс 3, 9, 1, 1 в-шағынаудандарында жүргізілді. Облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Гүлмира Баянқызы мұндай рейдтер теріс пиғылды топтардың жолын кесуде және есірткіге елітудің залалды салдарын жастарға түсіндірудің ұтымды тәсілі екенін ескертті.
Нашақорлықпен күрес — бәрімізге ортақ мәселе. Өткір мәселені тиімді шешу үшін мүдделі жандар жұмыла атсалысуы тиіс. Негізі жастар жаман әдеттен бойын аулақ салып, спортпен, сүйікті істерімен шұғылдануы қажет. Сондай-ақ, әр жас жеткіншек ештеңеден қорықпай, өзі бетпе-бет келген мәселені ашық жеткізсе, қателікке ұрынбас еді. Мұндай жарнама жазбаларын көрген жағдайда, өшіріп жүруге шақырамын, - деді Гүлмира Баянқызы.
10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді