20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрінісАқтауда «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясында мәдени іс-шаралар легі басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оның бірі - «Дархан дала» этноқалашығы. Қалашықта киелі Маңғыстау өлкесінің тұрмыс-тіршілігі, қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері және түркі халықтарының ортақ мәдениеті кеңінен насихатталмақ.
Этноқалашықтың сахнасында Маңғыстау облысы мен түркітілдес мемлекеттерден келген өнерпаздардың концерттік бағдарламасы ұсынылуда. Қонақтар ұлттық өнер мен дәстүрге қанығып, қазақ мәдениетінің сан ғасырлық мұрасын тамашалай алады.
Этноқалашықта Маңғыстау облысының бес ауданы мен Ақтау, Жаңаөзен қаласынан жеті ауыл бой көтерді. Атап айтқанда, Маңғыстау ауданынан «Суын айғыр» ауылы, Қарақия ауданынан «Шерқала» ауылы, Бейнеу ауданынан «Батырлар» ауылы, Мұнайлы ауданынан «Жеті қайқы» ауылы, Түпқараған ауданынан «Ғашықтар» ауылы, Ақтау қаласынан «Шеберлер» ауылы, Жаңаөзен қаласынан «Дәстүр» ауылы бар.
Әр ауыл өңірдің өзіндік ерекшелігін, тарихы мен мәдени мұрасын айшықтайды. Онда қазақ халқының салт-дәстүрлері көрсетіліп, түрлі шеберлік сабақтары ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «Шеберлер» ауылында халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымына мүше елдерден келген өнерпаздар мен қолөнер шеберлерінің көрмесі өтіп жатыр.
Мерекелік шараның басты оқиғасы бүгін өтетін «Ақтау – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылының ресми ашылу салтанаты болмақ.
20 Шілде, 09:39
«Ботаникалық бақта пикник жасауға болмайды»: рейдтен кейінгі көрініс16 Шілде, 17:14
Финалда Испания жеңіске жетеді – сарапшы болжамы15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?