Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыМаңғыстау облысында әйеліне күш көрсеткен ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Түпқараған аудандық сотында әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 73-2-бабы 1-1-бөлігі бойынша Е. есімді азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық (Физикалық ауырлық келтіре отырып ұрып-соғу немесе күш көрсету, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келмеген) туралы іс қаралды.
Сотта Саин Шапағатов ауылының тұрғыны әйелімен жанжал кезінде оны қорлап, бір қолымен мойнынан ұстап тұрғаны, яғни күш көрсеткені, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмегені анықталды, – деп атап өтті Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот ер адамды әкімшілік жауапқа тартып, 10 тәулікке қамауға алу жазасын тағайындады.
Қаулы заңды күшіне енді.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді