Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек2024 жылдың қаңтарында Ақтау порты арқылы тасымалданған қазақстандық мұнай экспортының көлемі 287 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 76 мың тоннаға артық, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
«ҚазТрансОйл» АҚ мәліметінше, Ақтау портынан Баку портына қарай мұнай тасымалдау көлемі 60 мың тоннаға артып, 116 мың тоннаны құрады. Ал Ақтау портынан Махачкала портына 171 мың тонна қазақстандық мұнай жөнелтілді, бұл 2023 жылдың қаңтар айындағы көрсеткіштен 17 мың тоннаға артық.
2022 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Транскаспий дәлізі бойынша мұнай тасымалдау көлемін арттыруды тапсырған. Осы тапсырмаға сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Әзірбайжан Республикасының SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы Теңіз кен орнынан «Баку – Тбилиси – Джейхан» мұнай құбыры бағыты бойынша жылына 1,5 миллион тонна мұнай тасымалдауды көздейтін келісім жасады.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?