Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЖаңаөзен-Ақтау арасындағы тасжолда жол апаты болып, адам өлімі тіркелді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қайғылы жағдай Жаңаөзен қаласына таяу маңдағы жолдың ұшақ қонатын аумағында тіркелген.
Әлеуметтік желіде жария болған суреттерде оқиға кезінде Lexus GS300 көлігінің жол ортасын бөліп тұрған темір жиекке қатты жылдамдықпен соғылғанын аңғаруға болады. Сонымен бірге, көлікте болған екі адамның қозғалыссыз жатқаны анық байқалады.
Әзірге аталған оқиғаға қатысты облыстық ПД ақпарат таратпады. Мangystaumedia.kz сайты оқыс жайдайға қатысты қосымша хабарлайтын болады.
МО полиция департаментінің баспасөз қызметі көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу дерегібойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды, - деп жазылған ақпаратта.
Полицейлер жүргізушілерді жол ережесін сақтап, жолда абай болуға шақырып отыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?