22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алдыМәжіліс депутаты Дәулет Мұқаевқа мектеп мұғалімі әнші Құдайберген Бекіштің концертіне билетті мәжбүрлеп сатып жатқаны туралы айтып, шағымданғанын жазған едік. Әншінің өзі аталған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Іле ауданында ешқандай концертім ұйымдастырылып жатқан жоқ. Ондай бағаға тек Димашқа ғана келуі мүмкін. Екіншіден, ол менің Алматыдағы концертім. Ешкім ешкімді мәжбүрлеп жатқан жоқ. Қазір кім кімді мәжбүрлей алады? Бұл менің кішкентай ғана концертім. Жылда жыл соңында концерт ұйымдастырып, қайырымдылық ұйымдастырамын. Ақша қуған адам емеспін. Бармаймын деген адамды ешкім сүйреп әкелмейді ғой. Ешкімнің екі басы жоқ. Билетті Алматы облысына апарып, таратқан емеспін. Бұл дұрыс емес. Көреалмаушылық та көп қой. Қылт етсең болды, сенің жаман жағыңды көреді, - деді Құдайберген Бекіш Nur.kz тілшісіне.
Айта кетейік, Іле аудандық білім бөлімі мектеп мұғалімдеріне концертке билетті 10 мың теңгеден сатып жатқаны туралы ақпарат таралған.
22 Мамыр, 12:15
«Егер кетпесем, кейін өкінетін едім»: Қытайдағы қазақ футболшысы Еуропадан қалай шақырту алды20 Мамыр, 08:00
Хусановтың өзі сұхбатқа келді | «Ордабасы» чемпион болмайды | «Барсаның» фанаты емеспін12 Мамыр, 16:42
Ата-енеме сәлем салмаймын І Олимпиададағы өкінішті әлі ұмытқан жоқпын - Абиба Әбужақынова30 Сәуір, 23:45
Өзбек боксшыларының осал тұсын таптым І Түнгі 10-да ұйықтап қаламын – боксшы Темірлан Мұқатаев