20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм 20 қаңтардан бастап орнын босатады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы елшінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеп, Қазақстан халқына алғыс айтты.
Құрметті, Қазақстан халқы! Менің қымбатты достарым мен әріптестерім! Сіздер білетіндей, жан-жақты ойлана келе мен 20 қаңтардан бастап Қазақстандағы АҚШ елшісі қызметінен зейнетке шығу шешімін қабылдадым. Бірнеше айдан кейін АҚШ мемлекеттік департаменті 28 жылдық қызметтен кейін зейнетке шығамын.
АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін атқару мен үшін үлкен мәртебе болды. Бұл достықты нығайту, серіктестіктерді қалыптастыру және екі ел арасындағы байланысты күшейтуде бірлескен жұмыс жүргізу сияқты керемет үлкен жол болды, – дейді Дэниел Розенблюм.
Розенблюм Қазақстанның 17 өңірін аралап шыққанын айтты. Қаншама кәсіп иелерімен, мамандармен, сарапшылармен кездескенін, қайда барса да қонақжайлық көргенін жеткізіп, бәріне алғысын білдірді.
Айта кетейік, Розенблюм бұл қызметке 2022 жылғы 28 қазанда кіріскен.
20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?