7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?АҚШ-тың жағалау аймағында магнитудасы 9 балға жететін жойқын жер сілкінісі болып, оның артынан цунами толқындары ілесе жүруі мүмкін, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы сейсмологтардың бақылауына сүйене отырып, британдық Daily Mail басылымы жазды.
Жоғары дәлдіктегі суасты картографиясы технологиясын қолдану арқылы жүргізілген зерттеу Каскад субдукция аймағындағы алаңдатарлық геосейсмикалық белсенділікті анықтады. Ғалымдар ұзындығы шамамен 970 шақырым болатын төрт ірі жерасты жарылысы сегментін тіркеді. Бұл аймақ Канададан бастап Калифорнияға дейінгі Солтүстік Американың жағалауын қамтиды. Мұндағы қуатты теңіз асты дүмпулері жағалау инфрақұрылымын қиратып қана қоймай, су мен ауаның ластануына және улануына әкелуі мүмкін.
Мақалада соңғы рет осындай ауқымды жер сілкінісі 1700 жылы болғаны айтылады. Ғалымдардың дерегінше, мұндай табиғи апаттар шамамен әр 500 жыл сайын қайталанады.
Бұған дейін, 30 шілдеде, Камчатка жағалауында болған қуатты жер сілкінісінен кейін пайда болған цунами толқындары АҚШ-тың Калифорния штатының жағалауына жеткені хабарланған.
7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?