Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыОсыдан бір жылдай бұрын АҚШ Атыраудан келген америкалық жас жұбайлар қазақтың салт-дәстүрін ұлықтап, үйлену тойын ұлттық нақышта өткізді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Жас жұп өздерінің қуанышты күнін қазақтың ұлттық рәсімдерін сақтай отырып атап өтуді жөн көрген. Қонақтарға дәстүрлі тағамдар ұсынылып, кеш бойы қазақ әндері шырқалды. Той рәсімі де қазақы той үлгісінде өтті.
Кештің ерекше сәттерінің бірі күйеу жігіттің қазақ тілінде өнер көрсетуі болды. Джек есімді азамат Айқынның танымал әні «Асылымды» шырқап, қонақтардың ыстық ықыласына бөленді. Оның шынайы орындауы қонақтарды тәнті етіп, әлеуметтік желіде кеңінен тарады. TikTok-та жарияланған бейнежазба бірнеше мың қаралым мен пікір жинады.
Желі қолданушылары жұптың қазақ мәдениетіне деген құрметіне, салт-дәстүрге шынайы ықыласпен араласқанына риза болып, жылы лебіздерін білдіруде.
Бұған дейін Қазақстанда неке мен ажырасу көрсеткіштері қалай өзгергені туралы жазғанбыз.
@drshve #21062025 ♬ оригинальный звук - Elya
Бүгiн, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырадыБүгiн, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?Кеше, 14:06
Бакалавриат енді 3 жыл бола ма? Қазақстанда оқу мерзімі қысқаруы мүмкін мамандықтар аталды15 Қазан, 14:55
Мұхит ортасындағы мегаполис: өзге елдерден ең оқшау орналасқан Гонолулу шаһары