29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындыларыАҚШ-тың Алабама штатында экстракорпоральді ұрықтандыру процесі уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұған Жоғарғы соттың эмбриондарды балаларға теңестіріп, ал оларды жою – адам өлтіру деп қабылдаған шешімі себеп.
Алабама сотының шешіміне 2020 жылы болған оқиға әсер еткен. Ол кезде пациент мұздатылған эмбриондары бар ыдысты сындырып алып, тиісінше генетикалық ата-анасы сотқа шағымданған. Осыдан соң эмбриондар тірі адамдарға теңестірілді.
ВВС мәліметінше, штаттағы үш клиника бұл қызмет көрсетуді уақытша тоқтатқан, олар қызметкерлері адам өлтірді деп айыпталмас үшін осындай қадамға барған.
Алабама университеті өкілдерінің айтуынша, денсаулық сақтау жүйесі жұмыртқаны алуды ұсынуды жалғастырғанымен, енді жұмыртқаны ұрықтандырмайды және эмбриондарды дамытпайды, — деп жазады ВВС.
29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек