2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайЖаңа Lucid Air электрокарын жалға алған АҚШ тұрғыны қарашаның соңғы бейсенбісінде өтетін Алғыс айту күніне құрған бар жоспары күл-талқан болғанын айтты. Дүкен аралап қайтып бара жатқанда жолдағы шұңқыр салдарынан жүксалғыштағы су құтысы құлап, машинадағы маңызды элементтерге су төгілген, сөйтіп қысқа тұйықталу пайда болған.
Бірнеше секундтан кейін аспаптар панеліндегі барлық шам жанып, электрокар апатты режимге өткен, жүргізушіге қозғалысты тоқтату жөнінде ескерту түскен. Тоқтаған соң борттық жүйені қайта іске қосуға тырысқанмен, көлік тұрақ режимінен шықпай қойыпты.
Іс бұнымен бітпеді. Оқиға орнына жеткен эвакуатор электроседанды орнынан қозғай алмаған, себебі көлік нейтрал күйге ауыспай қойыпты. Орнынан қозғалмаған автомобильді сервиске келесі күні басқа эвакуатор ғана сүйреп апарды.
Жөндеу құнын естігенде көлік иесінің көңіл-күйі тіптен түсіп кетті. Әу баста мамандар 1000 доллар сұраған, алайда кейін Lucid өкілі 15 000 доллар қажет екенін айтқан. Оның үстіне шығынды сақтандыру компаниясы көтермейді, өйткені су төгілгеніне жүргізуші кінәлі: бөтелкені дұрыс жаппаған әрі жолдағы шұңқырға түсіп кеткен.
Оқиға жақсы аяқталды, бірнеше күннен кейін сақтандыру компаниясы өтемақы төлеуге келісті деп жазды Autoblog. Америкада биыл осындай жағдай екінші рет тіркеліп отыр. Тұрғындар автомобиль құрылымындағы кемшіліктің кесірінен шығындалуға мәжбүр.
2 Шілде, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат