Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдарАмериканың Солтүстік Каролина штатында әйел лотереядан 500 мың АҚШ долларын ұтып алған, ал баласы бұдан бір ай бұрын дәл осы лотереяның 518 774 доллар көлеміндегі джекпотын алды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі UPI-ге сілтеме жасап.
Штат астанасы Роли қаласының тұрғыны Пегги Уильямс Солтүстік Каролина лотереясының өкілдеріне Double Diamond Cashword билетін небәрі 10 долларға сатып алғанын және 500 мың АҚШ долларын ұтқанын білгенде қатты таңқалғанын айтты.
«Бұған сену қиын. Мен қателеспегеніме көз жеткізу үшін билетті шамамен 10 рет тексердім», - деді ол.
Бір айдан аз уақыт бұрын ол ұлы Рэнди 518 774 АҚШ доллары көлемінде джекпот ұтып алған кезде лотереяның штаб-пәтеріне ұтысын алуға анасымен бірге барған.
«Біреу бізге батасын берді деген сезімдемін»,-деп атап өтті Рэнди Уильямс.
Отбасы Рэндидің ұтысын бастапқыда Пеггидің үйін жөндеу үшін жұмсамақ болғанын айтқан еді, қазір олар жаңа үй салу мүмкіндігін қарастырып отыр.
Кеше, 15:55
Аутизм диагнозы қойылған әлемге танымал адамдар13 Қыркүйек, 13:28
Қаскелең мен Шамалған атауы қайдан шыққан? Жоңғар қолбасшылары туралы аңыз11 Қыркүйек, 12:07
Бала көргенін қайталайды: танымал мультфильмдерді көрсеткенде ата-ана нені ескеруі керек11 Қыркүйек, 09:00
«Ұял» дегенде бетін басады: Челси есімді ит қазақша бұйрықтарды қалай үйренді?