Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекЭнергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев АҚШ Сауда Палатасының аға вице-президенті Куша Чоксимен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Кездесу барысында Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанның энергетика саласындағы жоспарлары туралы айтып берді, сондай-ақ энергетиканың негізгі секторларында мұнай саласы, мұнай-химия өнеркәсібі сияқты дамудың үлкен әлеуетін атап өтті және инвестициялық жобаларды іске асыруда қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Біз мұнай саласындағы ынтымақтастықты дамытуға, газ кен орындарын игеруге және газды өңдеуге, мұнай-газ химиясына қызығушылық танытамыз. Бұл біз белсенді дамытатын негізгі бағыттар, - деді Алмасадам Сәтқалиев.
Өздеріңіз білетіндей, АҚШ Қазақстанның маңызды сауда-экономикалық және саяси серіктестерінің бірі және бес ірі инвестордың бірі.
Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев атап өткендей, ірі америкалық компаниялар Қазақстанда инвестициялық жобаларды ұзақ жылдар бойы табысты іске асырып келеді, сол арқылы Қазақстан мен АҚШ арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытады.
АҚШ Сауда Палатасының аға Вице-президенті Куша Чокси америкалық компаниялардың экономиканы декарбонизациялаудағы рөлін, сондай-ақ инновациялық технологиялардың негізінде жаңа жобаларды белсенді қолдауды атап өтті.
Соңында тараптар мұнай-газ-химия саласындағы бірлескен жобаларға қызығушылық танытты.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?