Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекАҚШ Қарулы күштері енді трансгендерлерге әскери қызметке тұруға рұқсат бермейді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Аталған шешім Дональд Трамптың трансгендерлердің әскерде қызмет етуіне тыйым салу туралы жарлығымен байланысты. Сонымен қатар құжатта тек екі жынысты – ер мен әйелді ресми түрде тану қажеттігі атап өтілген.
АҚШ армиясы бұдан былай трансгендерлердің Қарулы күштер қатарына қосылуына рұқсат бермейді, сондай-ақ әскери қызметкерлерге жыныстық ауысу процедураларын жүргізуге немесе оған жағдай жасауға тоқтау салады, — делінген АҚШ Қарулы күштерінің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі ресми хабарламасында.
Бұл шектеу елдегі ЛГБТ+ құқықтарын қорғау саласындағы пікірталастарды күшейтіп, адам құқықтары жөніндегі ұйымдар тарапынан сынға ұшырауы мүмкін. Сонымен қатар бұрын жыныс ауыстырған әскери қызметкерлердің тағдыры да белгісіз болып отыр.
Кеше, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керекКеше, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады19 Қазан, 12:42
1 млн теңгеге дейін: 2026 жылы бала туғанда берілетін төлемдер мөлшері қанша болды?