Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?ҚР Үкіметінің қаулысымен Александр Сергеевич Данилов берілген өтінішіне сәйкес ҚР ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметінен босатылды.
Александр Данилов 1991 жылы 16 желтоқсанда Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін және Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі. Президенттік Жастар кадр резервінің мүшесі.
Еңбек жолын қоғамдық секторда бастаған, әр жылдары бірқатар жастар қоғамдық ұйымының басшысы болған.
Сондай-ақ жеке ұйымдарда басшылық қызметтерді атқарды.
2020 жылдың шілде айынан бастап Stopfake.kz жобсының жетекшісі болды.
2022 жылы қаңтар айында Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болып тағайындалған болатын.
Кеше, 15:00
Алты жыл күткен тарихи оқиға: Қазақстанда UFC турнирі қашан өтеді?12 Қараша, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары