Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлікТүркістан облысындағы Қазығұрт тауының баурайында көктемнің алғашқы хабаршысы саналатын бәйшешек гүлдеді. Бұл туралы гид Тимур Байғұлов Instagram парақшасында видео жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Әдетте, бәйшешек ауа температурасы біршама жылынған кезде көктемнің алғашқы айларында гүлдейтін болса, биыл табиғаттың бұл көрінісі ертерек байқалып отыр. Бұл құбылыс аймақтағы климаттық өзгерістермен байланысты болуы мүмкін.
Қазығұрттың баурайына жайқала шыққан бәйшешектер табиғат аясында демалуды ұнататын туристер мен табиғат жанашырлары үшін ерекше әсер сыйлайды. Әсіресе, көктемнің нышанын алғашқылардың бірі болып көргісі келетін саяхатшылар үшін бұл тамаша мүмкіндік.
Бәйшешек – суыққа төзімді гүлдердің бірі. Ол қар астынан шығып, қыс ызғарына бой бермей гүлдейді. Қазақ халқы бәйшешекті жаңарудың, үміт пен жақсылықтың символы деп санайды.
Кеше, 14:42
Сән мен жылдамдық үйлесімі: әлемдік сән үйлері қолтаңбасын қалдырған бес автокөлік10 Қараша, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер