Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқмола облысындағы су басқан аймақтарда 300-ге жуық полиция қызметкері қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етіп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Облыстық ТЖД мәліметінше, Көкшетау қаласында жағдай күрделі. Қылшақты өзенінің арнасынан тасуына байланысты вокзал маңындағы аумақта орналасқан тұрғын үйлер мен объектілер су астында қалды. Осы орайда құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету үшін Ақмола облысының полициясы күшейтілген режимде жұмыс істеуде.
Өңірдің автожолдарында су басу қаупі бар 100-ден астам орын бар. Олардың әрқайсысы полицияның бақылауында. Бүгінгі таңда қауіпті жол учаскелерінде 300-ге жуық полиция қызметкері қызмет атқарып жатыр. Олар азаматтардың қауіпсіздігін қадағалап қана қоймай, арнайы техниканың өтуін қамтамасыз етуде, - делінген ІІМ мәліметінде.
Бүгiн, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыКеше, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді