Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келдіАқмола полицейлері ауыл тұрғынының үйінен жасырын қару-жарақ қоймасын тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Зеренді ауданының Садовое ауылында жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғынның үйінен қару-жарақтың жасырын қоймасын анықтаған.
Калашников АҚСУ-74 автоматын, оған 5,45 мм калибрлі 29 оқты және 16 калибрлі ТОЗ аңшылық тегіс ұңғылы мылтықты тәркіледі. Ауыл тұрғынының айтуынша, оған автомат пен оқтар қайтыс болған досынан, ал мылтық әкесінің мұрасынан қалған. ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тәркіленген қару баллистикалық сараптамаға жіберілді, - делінген Ішкі істер ведомствосы таратқан хабарламада.
Тергеу аясында ақмолалықтың айғақтары мұқият тексерілетін болады.
Бүгiн, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді20 Қазан, 14:23
Жеңілдікке алданып қалмаңыз: дүкенде артық ақша жұмсамау үшін нені ескеру керек20 Қазан, 12:30
2027 жылы Рамазан қашан басталады? Ораза айт пен Қадір түнінің күндері белгілі болды19 Қазан, 15:07
«Жаным – қазақ»: Нидерланд намысын қорғайтын Шон Ниволдты Қазақстанмен не байланыстырады