Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқмола облысында автожол салу кезінде бұзушылықтар жойылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қоғамдағы заңдылық пен тәртіп қағидатын қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.
Ақмола облысында автомобиль жолдарын салу және жөндеу мониторингі барысында көзделмеген жұмыстарды қосу есебінен сметаны асыра бағалау фактілері анықталды.
Мәселен, 2022 жылы Аршалы ауданының «Бабатай-Волгодоновка-Береке-Бұлақсай» учаскесін салуға жергілікті бюджеттен 4,4 млрд теңге бөлінді.
2023 жылы кеткен қаражаттарды саралау кезінде шығындарға уақытша айналма жолды ұйымдастыруға кететін шығындар кірген. Бұл ретте осы жол жұмыстарының бағасы негізсіз 764 млн теңгеге ұлғайған.
Талдау қорытындысы бойынша Ақмола облысының әкімдігі жобаның бағасын қайта қарады. Үнемдеу есебінен пайда болған қаражатқа Целиноград ауданының Қоянды ауылында су тасқыны кезеңінде еріген сулардың қауіпсіз өтуі үшін су бұру арнасы салынды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді