Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тарттыАқмола облысында қылмыс жасаған адамның мемлекеттік қызметке заңсыз қабылданғаны анықталды, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Ulysmedia хабарлауынша, облыстық сот бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі басшысының міндетін атқарушы тұлғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 681-бабы).
Оқи отырыңыз:
Сотта анықталғандай, айыпты 2022 жылдың шілдесінде 2017 жылы Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-бөлігі «лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану» бойынша сот үкімімен сотталған адамды мемлекеттік қызметке жататын құрылыс секторының меңгерушісі лауазымына жұмысқа қабылдаған. Осылайша, ол сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін тартылған азаматтарды жұмысқа қабылдауға тыйым салатын «Мемлекеттік қызмет туралы» заңның нормаларын ескермеген. Айыпты сот қаулысымен Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 241 500 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындалды, - деді ведомстводан.
Кеше, 11:07
«Грэмми» айналасындағы дау: BTS байқауға қатысудан неге бас тартты29 Шілде, 13:10
Жаңа пандемия кез келген уақытта басталуы мүмкін: ДДҰ не дейді?27 Шілде, 18:09
«Бәрі қаржыға байланысты»: Неліктен «Қайрат» еурокубоктағы матчын Түркістанда өткізеді24 Шілде, 11:39
Мадина Ералиеваға құрмет: Ерке Есмахан үш жылдық үзілістен соң сахнаға оралды