Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқмола облысында полицейлер жол қозғалысы кезінде инсульт алған жүргізушіні дер кезінде байқап, оның өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Polisia.kz мәліметінше, Степногорск – Заводской тас жолында патрульдеу барысында Степногорск қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция взводының қызметкерлері А. Смағұлов пен А. Аяғанов, сондай-ақ Ақсу қалалық полиция басқармасының бастығы А. Урустюмов траекториядан ауытқып келе жатқан көлікті байқаған. Олар жүргізушіге шұғыл көмек қажет болуы мүмкін деп күдіктеніп, көлікті тоқтатқан.
Күдік расталып, рөлдегі ер адамның жағдайы күрт нашарлағаны белгілі болды. Ол есінен танып, айналасында не болып жатқанын түсінбеген. Полицейлер жүргізушінің инсульт алуы мүмкін деп болжап, жедел әрекет етті. Уақытты жоғалтпай, тәртіп сақшылары жедел жәрдем шақырып, оқиғаның төтенше жағдай екенін хабарлайды. Сонымен қатар, ер адамға таза ауа беріп, алғашқы көмек көрсеткен. Оның жанында болған жұбайы қажетті дәрі-дәрмектердің қайда екенін айтып, полицейлер оларды дереу тауып берген. Жылдам әрі кәсіби әрекеттің арқасында жүргізуші медициналық көмек алып, өмірі құтқарылды, - делінген мәліметте.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді