Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқмола облысы Сандықтау ауданында балабақшадағы 78 бүлдіршінге азық-түлік үшін өтемақы төленбеген. Мұндай фактіні кәмелетке толмағандардың құқықтарының сақталын талдау барысында Сандықтау ауданының прокуратурасы анықтаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына сәйкес, азаматтардың жекелеген санатындағы азық-түлік шығындары мемлекет есебінен өтеледі. Азаматтардың бұл санаттарына көп балалы отбасылар, АӘК-ге мұқтаж отбасылар және халықтың осал топтарына жататын басқа да адамдар жатады. Ал аудандық білім бөлімі көп балалы аналар мен халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасыларды азық-түлікке өтемақы төлеу тізіміне енгізбеген. Осылайша олардың мектепке дейінгі ұйымдардан тегін тамақ алу құқығы бұзылған.
Прокурорлық ден қою шаралары балабақшалардағы 78 балаға азық-түлік шығындары өтелді. Бұзушылықтар үшін білім бөлімінің 4 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды,-делінген облыстық прокуратура мәліметінде.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді