Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихыАқмола облысының прокуроры Руфат Кұттықовтың төрағалығымен алдағы су тасқыны кезеңіне дайындық туралы кезекті үйлестіру кеңесі өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Отырысқа облыс әкімінің орынбасары, құқық қорғау, арнайы және уәкілетті органдардың басшылары қатысты.
Өңірлік ТЖД мәліметінше, жиында су бұру арналары, су өткізу құрылыстары, өзен арналарын тазалау, жағалауды нығайту, гидротехникалық құрылыстарды жөндеу мәселелері талқыланды.
Облыс прокуроры өңірдегі 90 гидротехникалық құрылыстың 34-і немесе 38%-ы қанағаттанарлықсыз және апаттық жағдайда екенін атап өтті. Сондай-ақ ол бекітілген кешенді жоспарға сәйкес көктемгі су тасқындарына дайындықтың маңыздылығын қатаң ескертті.
Жоспарға сәйкес анықталған гидротехникалық құрылыстарды тексеру, жөндеу және тиісті жағдайларда ұстау түріндегі шаралар міндетті түрде мерзімінде және сапалы орындалуы тиіс, - деді Руфат Кұттықов.
Үйлестіру кеңесінің қорытындысы бойынша келіп түскен ұсыныстарды ескере отырып, уәкілетті органдарға су тасқындарын қауіпсіз өткізуге бағытталған бірқатар нақты міндеттер қойылды.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді