Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы2024 жылғы 27 желтоқсанда Ақмола облысының Макинск қаласында 12 жастағы бала әкесімен жанжалдасып, оны пышақтап тастаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Nayza Kokshe»-ге сілтеме жасап.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, түнде кезекші бөлімге жедел жәрдем фельдшері хабарлап, «пышақ жарақатынан мерт болған адамның денесі табылғаны» туралы ақпарат берген. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері әке мен бала арасында жанжал болғанын анықтады.
Полици таратқан мәлімет бойынша әкесі 1977 жылғы, мас келіп, ұлын бірнеше рет басынан ұрған, сонда бала әкесіне екі пышақ жарақатын салған, соның біреуі кеуде қуысына тиіп, мерт болған.
Марқұм жол жөндеу мекемесінде жүргізуші болып жұмыс істеген және сол күні жаңа жылдық корпоративтен үйіне оралған..
Қылмысқа күдікті – жергілікті Балуан Шолақ атындағы мектеп-лицейдің 7 сынып оқушысы. Құқық қорғау органдарының мәліметіне қарасақ, отбасы ажырасқан, соның өзінде бірге тұрған.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Кеше, 17:27
Картада болмаған құпия қала: Шағанның ұмыт қалған тарихы9 Қараша, 13:41
Әкімшілік айыппұл: тексеру, төлеу және шағымдану жолдары6 Қараша, 17:08
Өзге ғаламшар ма дерсің: Қазақстандағы ерекше мекендер5 Қараша, 14:10
Ризабек Айтмұхан: 97 келіде чемпион атанып, гештальтімді жапқым келеді