Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрікАқмола облысында ЖШС қызметкері жұмыс орнынан 34 млн теңгені жымқырды деген күдікке ілінді. Қазіргі таңда сот-экономикалық сараптама жүргізілуде, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола полицейлері бір жыл бұрын жасалған қылмысты ашты. Өткен жылдың 9 маусымында Аршалы ауданының полиция бөліміне ЖШС басшысы арызданған. Айтуынша, ұйымда қаржылық құжаттарды тексеру кезінде 34 миллион теңге сомасында кемшілік анықталған.
Жедел-іздестіру шаралары барысында аталған ЖШС-інің 33 жастағы қызметкері анықталды. Тергеу нұсқасы бойынша күдікті дұрыс емес мәліметтер енгізу арқылы кәсіпорын қаражатын өзі құрған ЖК-нің банктік шотына аударған, - делінген Ақмола облыстық Полиция департаментінің мәліметінде.
Оқи отырыңыз:
Осы фактіге қатысты полицейлер Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі "Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап ету" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Бүгiн, 10:44
Формула-1 тарихын жаңартқан Кими Антонелли: 20 жасында чемпион атанған жас жүйрік29 Қазан, 09:00
«Пышақ сабын арқар мүйізінен жасаймын»: қазақ ұстасының қайталанбас қолөнер туындылары28 Қазан, 15:16
Қымбат көрінудің құпиясы: биылғы қыста трендке айналатын бес түс23 Қазан, 12:09
Мысырға саяхаттау жеңілдейді: Қазақстан мен Мысыр қандай келісімге келді