Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен НарбайСтепногорск тұрғыны жедел жәрдем фельдшеріне қол көтергені үшін 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Степногорск қаласында жергілікті тұрғын жедел жәрдем фельдшеріне шабуыл жасағаны үшін сотталды. Оқиға эпилепсия ұстамасы бар науқасқа көмек көрсету кезінде орын алған.
Тергеу мәліметінше, жедел жәрдемнің кешігіп келгеніне ашуланған әйел медицина қызметкерімен сөзге келіп қалған. Науқасты көлікке отырғызу сәтінде ол жедел жәрдем көлігіне кірмек болған. Алайда фельдшер оған рұқсат бермеген, себебі әйел науқастың жақын туысы саналмаған. Осы сәтте ашуға булыққан тұрғын фельдшерге жұдырық жұмсаған.
Сот шешімімен әйел кінәлі деп танылып, 400 сағат қоғамдық жұмысқа тартылды. Бұған қоса, ол фельдшерге 90 мың теңге материалдық шығын және 500 мың теңге моральдық өтемақы төлеуі тиіс. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.
Кеше, 09:05
Қазақстанда кино суретшісінің еңбегі әлі де толық бағаланбайды – Бекен Нарбай1 Шілде, 17:41
Алакөлден Ыстамбұлға дейін: жазғы демалысқа қайда баруға болады?1 Шілде, 17:12
Спорттағы қазақ тілі: сәннен сұранысқа дейін30 Маусым, 14:11
«Керек болып қалар»: үйіңізде бекер шаң басып жатқан 18 зат